«Қызылжар» «Қайраттың» шабуылшысымен келісімшартқа отырды
 
                                            «Қызылжар» футбол клубы алматылық «Қайратпен» шабуылшы Глеб Валгушевті жалға алу жөнінде келісімге келгенін хабарлады, деп жазады Sport+.
Осы маусымды Глеб «Қайрат-Жастар» командасында өткізді. Ол 23 матчта алаңға шығып, 6 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.
Футболшыны жалға алу мерзімі 2025 жылдың соңына дейін есептелген.
 
    