«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Алыкулов Ресей чемпионатына ауысады
«ФНЛ с Ильевым» Telegram-арнасының мәліметі бойынша, «Торпедо» клубы вингер Гүлжигит Алыкуловпен үш жылдық келісімшартқа отырады, деп хабарлайды Sport+.
24 жастағы футболшы, Беларусьтің Кубогын жеңіп алған «Неман» клубымен келісімшарты аяқталғаннан кейін еркін агент ретінде, қазірдің өзінде Мәскеуде жүр. Оған тек медициналық тексерістен өтіп, қара-ақтармен келісімін ресми түрде бекіту ғана қалды.
Еске салайық, Алыкулов бұған дейін «Қайрат» клубында ойнаған. Ол алматылық клубпен бірге Қазақстан чемпионаты мен Кубогын жеңіп алып, Конференциялар лигасының топтық кезеңінде 4 матч өткізіп, «Базельге» қарсы ойын барысында нәтижелі пас берген. Сонымен қатар, ол Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының іріктеу кезеңдерінде 4 матчтан өткізіп, 1 гол соққан.
Қырғызстан құрамасы сапында Алыкулов 39 матч өткізіп, 5 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.