Думан Нәрзілдаев «Ақтөбеге» ауысуы мүмкін
![Думан Нәрзілдаев «Ақтөбеге» ауысуы мүмкін Думан Нәрзілдаев «Ақтөбеге» ауысуы мүмкін](http://sportplustv.kz/public/upload/sports/876_1ac2173095818ab0cd2f5030e21eaee9.webp)
«Қайсар» командасының вице-капитаны Думан Нәрзілдаев команда ауыстыруы мүмкін, деп хабарлайды Sport+.
31 жастағы жартылай қорғаушыға бірден үш клуб – алматылық «Қайрат», «Ақтөбе» және «Атырау» қызығушылық танытуда.
Нәрзілдаев бұған дейін «Қайсардан» бөлек «Каспий» және «Ордабасы» командаларында ойнаған. 2023 жылы шымкенттік клубтың құрамында ол чемпион атанған.
Өткен маусымда «Қайсар» сапында Нәрзілдаев КПЛ-да 19 матчқа қатысып, 1 гол соқты.