logo

«Қызылжар» жас қақпашымен қош айтысты

«Қызылжар» жас қақпашымен қош айтысты

Петропавлдық «Қызылжардың» қақпашысы Вадим Петров клуб сапынан кетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Петропавл футболының түлегі командамен еркін агент ретінде қош айтысты. 23-жасар қақпашы клубтың футбол орталығынан бастап «Қызылжардың» негізгі командасына жетіп, барлық кезеңдерден өтті. Бас команданың негізгі құрамы сапында 29 матч өткізді.

- Бірінші кезекте бізді әрдайым қолдап келген жанкүйерлерімізге алғыс айтқым келеді. Мен жеке жағдайға байланысты командадан кетуге мәжбүрмін. Мен басшылыққа, бапкерлер құрамына, қызметкерлерге, футболшыларға рахмет айтамын,- деді жас қақпашы.