logo

Али Алиев «Навбахормен» жеңістен кейін: Команданың ойын өрнегі жақсы әсер қалдырды

Али Алиев «Навбахормен» жеңістен кейін: Команданың ойын өрнегі жақсы әсер қалдырды

«Қызылжардың» бас бапкері Али Алиев өзбекстандық «Навбахор» клубын Түркиядығы ООЖ-да жеңгеннен кейін (2:1) клубтың баспасөз қызметіне сұқбат берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:

- Футболшылар мен жанкүйерлерді жеңіспен құттықтағым келеді. Команда Түркияға 10 қаңтарда келді және жоспарланғанның бәрі жиын аясында жүзеге асуда. Біз қандай командамен ойнағанымызды білдік, олар - Азия Чемпиондар лигасына бірнеше рет қатысты, қысқа және орта паспен ойнауды жақсы көреді. Біз өз жұмысымызды тактикалық тұрғыда құрдық, осы компонентте балаларды тексердік, команда жағымды әсер қалдырды. Смилянич пен Щебетунды соққан голдарымен құттықтағым келеді, сондай-ақ біздің жас футболшыларымызды атап өткім келеді. Ойын барысында біз әлі де көп нәрсені жақсартуымыз керек, бірақ тұтастай алғанда ойын өрнегі жақсы. Ойынға түзетулер енгіземіз және алға қарай қозғаламыз, - деді қазақстандық бапкер.

Өткен маусымның қорытындысы бойынша петропавлдықтар турнир кестесінде бесінші орынды иеленді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от «Қызыл-Жар СҚ» футбол клубы (@fcqyzyljar)



Күн шежіресі