logo

«Қызылжар» «Ақсудың» қорғаушысын қатарына қосты

«Қызылжар» «Ақсудың» қорғаушысын қатарына қосты

Петропавлдық «Қызылжар» құрамын қорғаушы Ұлар Жақсыбаевпен толықтырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Қызылжар» Түркия алаңдарында өткен ОЖЖ-да команданың негізгі қорғаушысы Бекзат Шадмановты бірнеше айға жоғалтты. Петропавлдық клуб оның орнына бірнеше ойыншы қарыстарды, тіпті тағы бір легионер алуға бел буды, алайда Али Алиев өз таңдауын «Ақсудың» ойыншысы Ұлар Жақсыбаевта тоқтатты.

Клуб пен Жақсыбаев келісімшарт шарттары бойынша келісті, ойыншы команда қатарына қосылды. Қазір Ұларды тіркеу процесі жүріп жатыр.



Күн шежіресі