logo

Қырғызстандық жанкүйерлер Қазақстандағы спорт менеджерлеріне тағы ренжіп қалды

Қырғызстандық жанкүйерлер Қазақстандағы спорт менеджерлеріне тағы ренжіп қалды

Қырғызстандық спортшы Айнуска Калил қызы Қазақстанда жүгіруден өткен халықаралық жарыста бірінші орыннан айрылып қалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

29 қыркүйек күні өткен дәстүрлі Almaty марафонында Калил кызы 21,1 шақырымдық межені 1 сағат 14 минут 27 секундта бағындырып, үздік шықты. Алайда, мәре сызығынан соң қырғызстандық спортшының есімі хаттамадан жоғалып кеткен.

Дереккөздер мәліметінше, Калил кызы велосипедшінің қолынан су алғаны үшін дисквалификацияланған. Себебі жарыс ережесі бойынша, су мен тамақты тек арнайы орындардан алу керек.

Әлеуметтік желіде қырғыз жанкүйерлері өз реніштерін жазып жатыр.