Роман Асранкулов: Қолымыздан келгеннің бәрін жасадық
Қостанайлық «Тобылдың» түлегі, капитаны Роман Асранкулов Sport Plus Qazaqstan сайтына Конференция лигасы аясында швейцариялық «Санкт-Галлен» командасына қарсы өткен матчты қорытындылады:
— Өте мықты команда. Өкінішке орай, сырт алаңда осындай есеппен жеңіліп қалдық. Біз қолымыздан келгеннің бәрін жасадық, бар күшімізді салдық. Қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғыс білдіремін.
— Жеңіске жету үшін не жетіспеді?
— Концентрация мен мүмкіндіктерді жүзеге асыру.
— «Тобыл» алдында маусымның соңына дейін қандай мақсаттар тұр?
— Әр ойында жеңіске жетуге тырысып, ойнау. Турнирлік кестеде мүмкіндігінше жоғары болу және жанкүйерлерді жеңістермен қуанту.