«Тобыл» Грекия және Италия чемпионаттарында өнер көрсеткен футболшымен қош айтысты
33-жасар жартылай қорғаушы Евгений Шахов келісімшарт мерзімі аяқталғанына байланысты «Тобылдан» кетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan қостанай клубының баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.
«Сары-жасыл» сапында Шахов барлық турнирлерде 28 матч өткізіп, 2 гол соғып, 2 нәтижелі бас берді. «Тобылмен» бірге Евгений Қазақстан Кубогын жеңіп алып, Суперкубоктың иегері атанды.
Бұған дейін тәжірибелі ойыншы грекиялық ПАОК және «АЕК Афины» командаларында, сонымен қатар италиялық «Лечче» клубында доп тепті.