logo

Қайрат Нұрдәулетов «Шахтерге» қарсы ойын туралы: Ойын тартысты өтті, бірақ футболшыларда қобалжу болды

Қайрат Нұрдәулетов «Шахтерге» қарсы ойын туралы: Ойын тартысты өтті, бірақ футболшыларда қобалжу болды

«Жетісу» командасының бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында Қазақстан чемпионатының бесінші туры аясында өткен қарағандылық «Шахтерға» (1:0) қарсы ойын туралы пікірмен бөлісті.

- Тартысты ойын болды, бірақ өзіміздің негізгі стадионымызда осы маусымда бірінші рет ойнап тұрған соң, жігіттерде қобалжу болды. Бермейтін сәттерде допты беріп қойып жаттық. Негізі команда ойынға қойған мақсатты орындады. Әлі де осал жерлерімез бар, түзейтін жерлер бар. Атқарылатын жұмыс көп, бірақ осы ойында ұпай жинағанымызға қуаныштымыз. Серікжан Мужиковтың ойынына қуанамыз, себебі ол – нағыз кәсіпқой. Ол ардагер футболшы болған соң, кей кездері бапкерлер тарапынан оған демалыс беріп, кей кездері басқа ойындарға сақтап, дайындаймыз. Мысалы, кубоктық ойынға оны апармадық. Серікжан сынды тәжірибелі ойынша барына қуанамыз. Жанкүйерлерге қолдағандары үшін рахмет айтамыз! – деді маман.

Аталмыш кездесу талдықорғандық ұжымның минималды жеңісімен аяқталған еді. Жалғыз голдың авторы пенальтиден жартылай қорғаушы Серікжан Мужиков атанды.