logo

«Ақтөбе» Алматыда жеңіске жетті

«Ақтөбе» Алматыда жеңіске жетті

Футболдан Olimpbet QFL Қазақстан чемпионатының бесінші туры аясында алматылық «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Есепті бірінші таймның соңғы минуттарында пенальтиден Әлібек Қасым ашты. Екінші таймда Максим Самородов дубль авторы атанды. Алматылық ұжым кездесудің соңғы минуттарында тек қана бір нәтижелі соққымен жауап қайтара алды. Қарымта голдың авторы - Вячеслав Швырев.

Қорытынды есеп - 1:3.

Осы ойыннан кейін «Ақтөбе» турнир кестесінде көш бастады. «Қызыл-ақтардың» еншісінде 10 ұпай бар.  



Күн шежіресі