Қазбек Сағын Рахмонов – Гэрри жекпе-жегі туралы: Шавкат кардиоға қатысты сұрақтарды жапты
NAIZA-ның экс-чемпионы Қазбек Сағын NAIZA.tv-ге берген сұхбатында командаласы Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрридің арасындағы жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+:
«Шавкат біраз қобалжытты. Бірақ мұндай жекпе-жектер қажет, себебі оның алда Белалмен бес раундтық кездесуі бар. Ол өз міндеттерін орындап, жақсы жұмыс жасады. Меніңше, ол «демі жетпейді» деген сұрақтарды жапты. Оның кардиосына қатысты енді ешқандай күмән болмауы керек. Мен оған және бұл жеңісіне қуаныштымын», – деді Сағын.