Шавкат Рахмонов: UFC-дің Қазақстанға келетін күніне сенемін
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Иэн Гэрримен жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихатында UFC-дегі Қазақстан елшісі ретіндегі рөлі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+.
«Мен UFC-де дебют жасағаннан бері бұл жерде Қазақстаннан шыққан бірнеше талантты спортшылар пайда болды. Бізде UFC-ді ерекше жақсы көретін үлкен жанкүйерлер базасы бар. Және болашақта UFC-дің біздің елге келетін күніне сенеміз», — деді Рахмонов.
6 желтоқсанда Шавкат пен Гэрри үшін ресми салмақ өлшеу рәсімі өтеді (басталуы — 18:00), ал 7 желтоқсан күні таңғы 5:00-де соңғы көзқарас дуэлі болады. Жекпе-жек — 8 желтоқсан күні таңертең өтеді.