logo

Қазақстанның жас боксшылары Азияда үздік атанды

Қазақстанның жас боксшылары Азияда үздік атанды

Қазақстан кіші жасөспірім ұлдар (2010-2011 ж.т.) командасы Азия чемпионатында топ жарды. Жақсылық Молдахановтың шәкірттері 15 салмақтың сегізінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

35 келі. Абылай Досымбеков, 40 келі. Бекхан Оразбаев, 43 келі. Жұмағали Нұрмұхан, 46 келі. Әмір Мұхит, 52 келі. Нұрислам Оңалбек, 55 келі. Әбдімансұр Жақсылық, 64 келі. Төрехан Қанатбай, және 70 келі. Мансұр Амантай өз салмақ дәрежелерінде біарлық жекпе жекте жеңіске жетіп, Азия чемпионы атағына ие болды.
61 келіде Алиимран Алиев күміс жүлдегер атанса, 33 келіде Әли Әбдікамал мен +70 келіде Жәдігер Мүсірәлі қола медаль иеленді.



Күн шежіресі