logo

Руслан Мадиев рингке оралады

Руслан Мадиев рингке оралады

31-жасар қазақстандық боксшы Руслан Мадиев (15-2-0) өз мансабын аяқтағаны жайында жариялағалы бір жыл өткен шақта шаршы алаңға қайта оралады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Мадиев 21 қыркүйек Алматыда өтетін бокс кешіне қатысады. Оның қарсыласы — тай боксшысы Китиссак Клинсон (8-1-0). Мадиев 2023 жылдың наурыз айында кәсіпқой бокстан кететінін айтқан еді, алайда араға 1,5 жыл салып оралды.

Сол кезде Мадиев Golden Boy белгілі промоутерлік компаниясымен жұмыс істеген еді.



Күн шежіресі