logo

Санатәлі Төлтаев кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегі жайында

Санатәлі Төлтаев кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегі жайында

Кәсіпқой боксшы Санатәлі Төлтаев (1-0) қазіргі уақытта кезекті жекпе-жегіне дайындық жүргізуде. 21 қыркүйек күні ол Алматыдағы бокс кешінің шаршы алаңына шығады. Irfin Promotions шарасында Төлтаевтың қарсыласы қырғызстандық Сардар Атакишиев (11-1) атанбақ. Осыған дейін кәсіпқой бокста бір жекпе жек өткізіп, жеңіске жеткен 24-жасар Төлтаев Sport Plus Qazaqstan тілшісіне қазіргі дайындығы жайында айтып берді:

«Бұл күндері қызу дайындық жүргізудемін. Алматыда кәсіпқой бокстағы тәжірибесі мол Асхат Уәлиханов ағамызбен жаттығу жасап жүрміз. Қарсыласымның кәсіпқой рингтегі тәжірибесі мол, 11 жекпе жек өткізген. Дегенмен, біз де қара жаяу емеспіз. Осыған дейінгі жекпе жектерін қарап шықтық, тактикалық тұрғыда барынша дайынбыз. Кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе жегімде мықты ресейлік қарсылас түсті, оны жеңген соң рейтингте бірден 181-орынға көтерілдім. Боксшы болғасын, қарсылас қандай екен деп ойланып отыратын уақыт жоқ, тек әрекет етеміз.

Кәсіпқой боксқа 2021 жылы келуге ниеттенгем. Бірақ жеке бапкерім Мақсат Бақтыбазаровтың қалауымен және өзімнің де бала арманым болғасын, 2023 жылғы әлем чемпионатына дейін әуесқой бокста өнер көрсеттім. Дегенмен, қазір де әуесқой бокстан түбегейлі кеттім деп айта алмаймын», - деді С. Төлтаев.



Күн шежіресі