Жасөспірім қыздар Азия чемпионатында 14 медаль иеленді
Әл Айн (БАӘ) қаласында бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жеңімпаз және жүлдегерлер анықталуда. Жексенбі күні кіші жаөспірім қыздар (2010-2011 ж.т.) арасында финалдық жекпе жектер өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстан командасының еншісінде төрт алтын, алты күміс және төрт қола медаль бар. Айта кетер болсақ, 49 келі. Нұрайым Құдайберген, 58 келі. Айлин Ходжамбердиева, 61 келі. Аяулым Оспанова және 70 келі. Диана Надырбек өз салмақтарында қарсылас шақ келтірмей, Азия чемпионы атанды.
Күміс жүлдегерлер: 35 келі. Әсел Джалимбекова, 46 келі. Лашын Дәулетжан, 52 келі. Арина Оразымбет, 55 келі. Балым Ғабитқызы, 64 келі. Мадина Нұрманова, +70 келі. Кәусар Сангумбай
Қола жүлдегерлер: 33 келі. Әнел Ордабек, 37 келі. Тахмина Алмасбек, 40 келі. Милана Иншина, 43 келі. Аружан Тіллабай, 67 келі. Қымбат Ғабидолла.