logo

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын өткізуден бас тартты

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын өткізуден бас тартты

Халықаралық хоккей федерациясының президенті Люк Тардифтың айтуынша, Қазақстан 2028 жылғы хоккейден әлем чемпионатын өткізуден бас тартты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұған дейін ақпан айында Қазақстан хоккей федерациясы Астана және Алматы қалаларында әлем чемпионатын өткізу үшін өтініш берген болатын. Өтінімнің презентациясы IIHF жыл сайынғы конгресінде 23-24 мамыр күндері Прагада өтуі тиіс еді.

«Қазақстан 2028 жылғы әлем чемпионатын өткізу үшін өтінімін қайтарып алды».

Бұған дейін Қазақстан 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізу үшін Германияның жеңімпаз атанған өтінішіне қарсы таласта болған. 2028 жылғы турнирді өткізу үшін басты фаворит – Франция. Жоспарлар бойынша, ойындар Париж бен Лион қалаларында өтеді.

2019 жылы Қазақстан Эстониямен бірге бірінші дивизиондағы әлем чемпионатының кезеңін қабылдаған болатын, оның нәтижесінде олар элиталық дивизионға өтті.