Күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатының ойын кестесі жарияланды
Астана қаласында өтетін күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатының ойын күнтізбесі жарияланды, деп хабарлайды sportplustv.kz.
Ел біріншілігі 1-5 ақпан аралығында ересектер арасында грек-рим, әйелдер және еркін күрестен өткізіледі.
Жарыс Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында болады.
1 ақпан. Грек-рим күресі - 55, 63, 72, 82 және 97 келі.
2 ақпан. Грек-рим күресі - 60, 67, 77, 87 және 130 келі.
3 ақпан - Әйелдер күресі - 50, 53, 55, 57, 59, 62, 65, 68, 72 және 76 келі.
4 ақпан, Еркін күрес - 57, 65,74,86 және 92 келі.
5 ақпан. Еркін күрес - 61,70,79,97 және 125 келі.
Жарыстың ашылу салтанаты 1 ақпанда сағат 17.30-да өтеді. Басталуы күн сайын сағат 10.30-ға белгіленген.
Ұлттық біріншілікке еліміздің 17 облысы мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан келген балуандар өзара мықтыны анықтайды.
Ел біріншілігінің нәтижесіннен кейін Бішкекте (Қырғызстан) өтетін Азия аймақтық, Ыстанбұлда (Түркия) өтетін әлемдік іріктеу турнирінде бақ сынайтын балуандар есімі белгілі болмақ.