logo

Қазақстандық спортшылар жастар арасындағы дзюдодан Еуропа кубогында төрт медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар жастар арасындағы дзюдодан Еуропа кубогында төрт медаль жеңіп алды

Италияның Линьяно-Саббьядоро қаласында жастар арасындағы дзюдодан Еуропа кубогы өтті, деп хабарлайды Sport+.

Қазақстан құрамасының спортшылары жарысты 1 алтын және 3 қола медальмен аяқтады.

Алтын — Балғабай Досбол (-81 келі)

Қола — Ержанов Ерасыл (66 келі), Қыдырбай Мырзатай (81 келі), Алпанов Шерхан (+100 келі)

Еуропа кубогында әлемнің 28 елінен 595 жас дзюдошы бақ сынады.



Күн шежіресі