logo

Нұрқанат Серікбаев дзюдодан Grand Slam жарысының чемпионы атанды

Нұрқанат Серікбаев дзюдодан Grand Slam жарысының чемпионы атанды

Нұрқанат Серікбаев Тблисисде өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысының жеңімпазы атанды,  деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда ол әзірбайжандық Туран Байрамовпен кездесті. Отандасымыз соңғы секундтарда ұтымды әдіс жасап, юко ұпайымен жарыс алтынын иеленді. 

Нұрқанат Серікбаев бүгін жарыс барысында барлығы 5 кездесу өткізіп, қарсылас шақ келтірген жоқ. Іріктеу кезеңінде Рашид Елкиев (Әзірбайжан), Дрисс Массон Жбилоуды (Франция), ширек финалда Петрос Шрицодоулидесті (Кипр), ал жартылай финалда Дэвид Гарсиа Торнені (Испания) жеңген болатын. 

Айта кетерлігі, бұл Қазақстан құрамасының Тблисиде өтіп жатқан байрақты бәсекедегі екінші жүлдесі. Бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Талғат Орынбасар қола жүлдені жеңіп алды. 

Әлемдік додаға 51 елден 386 дзюдошы қатысып жатыр. Жарыс 22 наурызға дейін жалғасады.



Күн шежіресі