logo

Дзюдодан Қазақстан құрамасы жарияланды

Дзюдодан Қазақстан құрамасы жарияланды

Халықаралық дзюдо федерациясы Қытайдың Ордос қаласында өтетін дзюдодан Азия чемпионатына қатысушылардың алдын ала тізімін ұсынды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстан құрамасының өтініміне 18 спортшы енген.

Ерлер:

60 кг дейін: Шерзод Давлатов, Аман Бақытжан

66 кг дейін: Нұрқанат Серікбаев

73 кг дейін: Есет Қуанов

81 кг дейін: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат

90 кг дейін: Айдар Арапов

100 кг дейін: Нұрлыхан Шархан, Марат Байкамуров

Әйелдер:

48 кг дейін: Диана Бүркеева

57 кг дейін: Дана Әбдірова, Бақыт Құсақбаева

63 кг дейін: Эсмигүл Куюлова, Самалай Ерғалиева

70 кг дейін: Ажар Асхат

78 кг дейін: Аруна Жангельдина

+78 кг: Ақерке Рамазанова, Аида Тойшыбекова

Айта кетейік, құрамда өзгерістер болуы мүмкін.

Азия чемпионаты 16–18 сәуір аралығында өтеді.