Қазақстандық лигалардың бұрынғы жауынгерлері UFC турнирінде өнер көрсетеді
23 қараша күні Қытайдың Макао қаласында UFC турнирі өтеді. Оның басты жекпе-жегінде UFC-дің жеңіл салмақтағы экс-чемпионы Петр Ян бразилиялық Дейвисон Фигейредумен кездеседі, деп хабарлайды Sport+.
Турнирдің алдын ала кардында Road to UFC шоуының финалдық жекпе-жектері өтеді. Жеңіл салмақта қазақстандық лигаларда өнер көрсеткен екі спортшы өзара бақ сынайды.
Қытайдан шыққан этникалық қазақ, Alash Pride лигасында өнер көрсеткен Балғын Жеңісұлы (18-5) және NAIZA лигасының бұрынғы чемпионы Су Ен Ю (13-3) өзара жекпе-жек өткізеді.
Бұл кездесу екі спортшының мансабындағы маңызды кезең болып, Қазақстандағы ММА жанкүйерлерінің ерекше қызығушылығын тудырады.