logo

Дана Уайт UFC жаңартылған рейтингі жайлы пікір білдірді

Дана Уайт UFC жаңартылған рейтингі жайлы пікір білдірді

UFC президенті Дана Уайт ұйымның жаңартылған рейтингіне қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport+.  

Рейтингтің бірінші орнында Дағыстан тумасы, аралас жекпе-жек шебері Ислам Махачев орналасқан. Екінші орынға UFC-дің ауыр салмақтағы қазіргі чемпионы Джон Джонс көтерілді, ал үшінші орын UFC-дің жартылай ауыр салмақтағы чемпионы Алекс Перейраға тиесілі.  

«Мен бұл сайқымазақтардан құтылуым керек!!», – деп жазды Уайт әлеуметтік желідегі парақшасында, топ-3 UFC файтерінің суреті бар скриншотты қоса тіркеп. 

Еске сала кетейік, 16-нан 17 қарашаға қараған түні Нью-Йоркте (АҚШ) Джон Джонс үшінші раундта техникалық нокаутпен Стипе Миочичті жеңіп, рейтингте жоғарылаған болатын.