logo

Қазақстандық әйелдер күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық әйелдер күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Анна Стратан Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Спортшы 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын алды. 

Шешуші белдесуде Стратан Швеция спортшысы Тиндра Дальмирді 9:1 есебімен жеңді.