logo

Демеу Жадраев 2024 жылғы Олимпиададан кейінгі алғашқы халықаралық жарысында алтын медаль жеңіп алды

Демеу Жадраев 2024 жылғы Олимпиададан кейінгі алғашқы халықаралық жарысында алтын медаль жеңіп алды

Германияның Дортмунд қаласында грек-рим күресінен Гран-при турнирі аяқталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандастарымыз аталмыш турнирде жеті медальға қол жеткізді. Оның екеуі алтын.

Демеу Жадраев (77 келіге дейін) 2024 жылғы Олимпиададан кейінгі алғашқы халықаралық турнирінде алтыннан алқа тақты. Сонымен қатар 67 келіге дейінгі салмақта Бағдат Сабаз чемпион атанды.

Күміс жүлде иегерлері: Ербол Камалиев (60 келіге дейін), Омар Сатаев (82 келіге дейін).

Ал Айбек Сабырбеков (60 келіге дейін), Асаухат Мухамадиев (63 келіге дейін), Мейіржан Шермаханбет (67 келіге дейін) жеңіс тұғырының үшінші сатысынан көрінді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы командалық есепте көш бастады.



Күн шежіресі