logo

Бұл дайындықпен Олимпиада чемпионы болмайды: Ақжүрек Таңатаров Ризабек Айтмұханға алаңдаулы

Бұл дайындықпен Олимпиада чемпионы болмайды: Ақжүрек Таңатаров Ризабек Айтмұханға алаңдаулы

Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров Sport+ телеарнасындағы «Бірге-Бір» бағдарламасының құрметті қонағы атанып, Ризабек Айтмұханның жетістіктеріне қатысты пікір білдірді.

— Ризабек — әлем чемпионы. Бұл атақ оған әлемдік рейтингтің көшбасшысы деген мәртебе береді. 97 келі салмақ дәрежесінде ол кем дегенде үздік үштікке тұрақты түрде таласуы тиіс. Ал қазіргі таңда Ризабек қайда? Ол тіпті Азия чемпионатын ұтып ала алмай жүр. Бұл — жаттықтырушылар тарапынан дайындықтың дұрыс жүргізілмегенінің салдары. Оны қажетті деңгейге жеткізіп, жарыстарға лайықты күйде алып шыға алмай жатыр.

Ризабектің күреске деген қабілеті — Алланың берген ерекше сыйы. Аяқ-қолы ұзын, бойы биік — табиғатынан дарынды балуан. Меніңше, оны тәжірибесі мол, деңгейі жоғары жаттықтырушыға тапсырған жөн. Сонда ғана ол үлкен жетістіктерге жете алады. Қазіргі жаттықтырушылармен ол Олимпиада чемпионы атануы екіталай.

 Ақжүрек Таңатаровпен толық сұхбатты төмендегі плеер арқылы көре аласыздар. 



Күн шежіресі