logo

Қазақстанды Парижде алтынсыз қалдырған боксшы тағы бір Олимпиадаға қатыспақшы

Қазақстанды Парижде алтынсыз қалдырған боксшы тағы бір Олимпиадаға қатыспақшы

Париж Олимпиадасында бокстан 80 келі салмақ дәрежесінде чемпион болған украиналық Александр Хижняк 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға ниетті екенін айтты, деп хабарлайды Sport +.

Париж финалында Хижняк қазақ боксшысы Нұрбек Оралбайды 3:2 есебімен жеңген болатын. Ал, Токионың финалында ол бразилиялық боксшыдан нокаутпен жеңіліп, күміс жүлдегер атанған еді. Енді үшінші олимпиадада бақ сынап көрмекші. Мұндай ойын ол «Украинская правда» басылымына берген сұхбатында айтқан.

«Қазір менің кәсіпқой боксқа ауысатын ойым жоқ. Тағы бір Олимпиада ойындарына қатысқым келеді», - деді ол.