Қазақстандық боксшы «IBA чемпиондар түні» турнирінің финалында өнер көрсетеді
Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов 12 желтоқсан күні Бахрейнде өтетін «IBA чемпиондар түні» кәсіби бокс турнирінің финалында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sport+.
48 келі салмақ дәрежесінде өтетін шешуші жекпе-жекте Жүсіпов IBA тұжырымы бойынша кәсіби чемпион белбеуі үшін бақ сынайды. Оның қарсыласы әлі ресми түрде жарияланған жоқ.
Қазан айында Теміртас Жүсіпов Қарақозы Абдалиевтің құрметіне өткен халықаралық бокс турнирінде жеңімпаз атанып, 2024 жылғы Азия чемпионатына жолдама алған еді.
Алайда, ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжановтың айтуынша, Жүсіпов «IBA чемпиондар түні» турнирінің финалдық жекпе-жегіне қатысу үшін континенттік чемпионаттан бас тартты. Оның орнын Азия чемпионатында Санжар Тәшкенбай алмастырады.