logo

Қазақстанда Халықаралық Биатлоншылар Одағының курсы өтеді

Қазақстанда Халықаралық Биатлоншылар Одағының курсы өтеді

Қазақстанда алғаш рет жас жаттықтырушыларға арналған Халықаралық Биатлоншылар Одағының курсы өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

7-12 шілде аралығында Щучинсктегі Қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығының базасында Халықаралық Биатлоншылар Одағының жас жаттықтырушыларға арналған курсы өтеді.

Іс-шараға 20-ға жуық қазақстандық жас жаттықтырушылар, сондай-ақ Грузия мен Қырғызстаннан келген мамандар қатысады.

Германия, Австрия және Норвегиядан келген үздік лекторлар өз білімдерімен бөлісіп, құнды тәжірибелерімен алмасады.

Айта кетелік, әлемдік федерация ұйымдастыратын курс Қазақстанда тұңғыш рет өтеді. 



Күн шежіресі