logo

Әлемнің үздік фристайл могулшылары Алматыда бас қосады

Әлемнің үздік фристайл могулшылары Алматыда бас қосады

Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясы (FIS) фристайл-могул мен фристайл-акробатикадан жаңа маусымдағы жарыстар тізбегін жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Жарыс кестесіне сәйкес, әлем кубогі кезеңдерінің бірі Алматыда өтеді. Халықаралық сын 2025 жылға жоспаралған. 

Фристайл-могул мен фристайл-акробатикадан әлем кубогі кезеңі 21-23 ақпан аралығында ұйымдастырылмақ. 

Олимпиадалық маусым биылғы 29 қарашада басталады. Алғашқы әлем кубогі кезеңін Финляндияның Рука қаласы қабылдайды. Ал әлем чемпионаты 2025 жылдың 17-30 наурызында өтеді. 



Күн шежіресі