logo

Биатлоншылар Словенияда жаттығуда

Биатлоншылар Словенияда жаттығуда

Биатлоннан Қазақстан ұлттық құрамасы Словенияның Поклюка қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізуде, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz cайтына сілтеме жасай отырып. 

Жаңа маусымда жаттықтырушылар штабы тәжірибелі бапкермен толықты. Беларусь және Литва құрамаларында аға және бас жаттықтырушысы болып жұмыс істеген  Сергей Соколовский енді Қазақтан командасына ауысты.

Ол IBU Кубогі кезеңдеріне қатысатын құраманы, ал Александр Мухин Әлем кубогі кезеңдерінде бақ сынайтын команданы жаттықтырады. Сонымен қатар, оқу-жаттығу жиынында әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы Владимир Борисович Королькевич те бар.

Команда Словенияда 15 маусымға дейін болады, кейін Германияның Оберхоф қаласында келесі оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Алда маңызды маусым, ал одан бұрын жазғы әлем чемпионаты күтуде.



Күн шежіресі