logo

Фристайл могул: Анастасия Городко күміс жүлдеге ие болды

Фристайл могул: Анастасия Городко күміс жүлдеге ие болды

Фристайл могулдан Италияның Кьеза-ин-Вальмаленко қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Анастасия Городко бүгін екінші жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

18 жастағы отандасымыз паралель могулдан күміс медаль еншіледі. 

Аталған сында бас жүлдені америкалық Килие Кариотис жеңіп алса, үшінші орынға жапониялық спортшы Юма Тагучи табан тіреді.