logo

Қазақстан жастар құрамасы Алматыда жаттығу өткізеді

Қазақстан жастар құрамасы Алматыда жаттығу өткізеді

18-26 наурыз аралығында Қазақстан жастар құрамасы 19 жасқа дейінгілер Алматыдағы «Хан Тәңірі» оқу-жаттығу алаңында оқу-жаттығу жиынын өткізеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Дайындық кезінде команда екі бақылау кездесуін өткізеді, қарсыластар кейінірек жарияланады.

Қазақстан жастар құрамасының U-19 бас бапкері Александр Кузнецов шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады.

Қақпашылар: Әбілқайыр Әлиақбар («Хан-Тәңірі»), Ильдар Меңдіғалиев («Қайрат»), Саятхан Құсайынов («Ақтөбе»)

Қорғаушылар: Әлихан Исраилов, Елжан Молдахмет (екеуі де – «Қайрат»), Айтуар Төкен («Астана»), Әділет Өмей («Тараз»), Рустам Жанхаев («Ұлытау»), Шерхан Асанбек («Ордабасы»), Нұрали Елемес («Хан-Тәңірі»);

Жартылай қорғаушылар: Эльхан Саидов («Қайрат»), Никита Стрижков («Каспий»), Алан Адахаев («Жас Қыран»), Рауль Аллахвердиев («Жеңіс»), Ілияс Әбіл («Жил Висенте», Португалия), Адам Газиев, Хамза Мұхаметали (екеуі де – «Хан-Тәңірі»), Аян Байдәулетов, Мирас Уманиязов (екеуі де – «Ақтөбе»);

Шабуылшылар: Тамерлан Агиманов («Ақсу»), Шыңғыс Дүйсенбек, Рамазан Бағдат (екеуі де – «Қайрат»), Димаш Серікұлы («Тараз»), Данияр Нәдір («Тузласпор», Түркия), Ерасыл Сәрсенбай («Ұлытау»), Әділет Мыңбай («Арыс»);



Күн шежіресі