logo

Жастар құрамасының капитаны туған клубына қайтып келді

Жастар құрамасының капитаны туған клубына қайтып келді

21 жасқа дейінге Қазақстан жастар құрамасының капитаны Әділбек Жұмаханов «Атырау» сапына қайта қосылды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Орталық қорғаушы қаңтар айының басында «Қайсардың» жиынына аттанған болатын, алайда Әділбектің ойыны Виктор Кумыковтың көңілінен шықпады деген пікір бар. Бұдан бөлек «Атырау» басқа клубтардан Жұмахановты дайындағаны үшін 20 миллион теңгеден асатын компенсация сұрауда. Жас ойыншы үшін мұндай қаржыны төлеуге бірде-бір отандық клуб табылмады, сол себепті Жұмаханов «Атырау» сапына қайта оралды.

Қазақстан жастар құрамасының сапында Әділбек Жұмаханов 21 матч өткізді.