Қазақстан хоккейшілері Норвегия құрамасымен кездеседі
Финляндиядағы хоккейден жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында ширек финалға шыққан командалар белгілі болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстан хоккейшілері В тобында 3 ұпаймен соңғы орында. Георгий Верещагин шәкірттері элиталы дивизиондағы орнын сақтау үшін А тобындағы аутсайдер Норвегияға қарсы ойнайды. Кездесу 2 мамыр күні өтеді.
Қазақстан құрамасы топтағы соңғы ойында 3:11 есебімен Канадаға ұтылған еді.
Ширек финалда кездесетін командалар:
АҚШ - Швейцария
Финляндия - Швеция
Канада - Латвия
Чехия - Словакия