«Барыс» канадалық маманмен келіссөздер жүргізеді
Елордалық «Барыс» клубының басшылығы Дэвид Немировскиді команданың бас бапкер лауазымына үміткер ретінде қарастырып жатыр, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Головой об лед» телеграм-арнасының ақпараты бойынша, Дэвид Немировски Астанаға ұшып келіп, «Барыс» ХК басшылығымен кездесу өткізді. Алайда бұл әзірге осы бапкердің жаңа маусымда команданы басқаратынын білдірмейді, себебі екі тарап әлі келісімге келе қойған жоқ. Басқа да нұсқалар қарастырылуда.
Немировски ойыншы ретінде 2009-2010 маусымында «Барыс» үшін ойнаған. Маман 2018 жылы бапкерлік мансабын бастап, «Торпедоны» басқарды. Дэвидтің соңғы жұмыс орны – «Сибирь» ХК болды.