logo

Қазақстан волейбол құрамасы Паралимпиадада Францияны жеңді

Қазақстан волейбол құрамасы Паралимпиадада Францияны жеңді

Волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама Париж-2024 Паралимпиада ойындарын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Париж Паралимпиадасына волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама 28 жылдан кейін алғаш рет қатысып отыр.

Айта кетсек, 29 тамызда парааеквондодан қазақстандық Милана Красавцева жұбаныш кездесуінде мысырлық спортшыға есе жіберіп, жарыс жолын ерте аяқтады.

Қазақстан құрамасының спортшылары Париж Паралимпиадасына спорттың 9 түрінен 33 лицензия жеңіп алды. 

Жарыс 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.



Күн шежіресі