logo

Париж мэрі 2024 жылғы Паралимпиада қарсаңында Сена өзеніне қайта шомылды

Париж мэрі 2024 жылғы Паралимпиада қарсаңында Сена өзеніне қайта шомылды

Париж мэрі Анн Идальго Паралимпиада басталар алдында Сена өзеніне шомылды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Келесі жылдан бастап Сенада шомылу париждік жаздың міндетті атрибутына айналады! Бірнеше күннен кейін паралимпиадашылар да паратриатлон кезінде Сенаға сүңгитін болады!» – деп жазды Идальго Instagram парақшасында шомылу сәтінен бейнежазбаны бөлісіп.

2024 жылдың шілдесінде Идальго Олимпиада басталар алдында да Сенаға шомылған болатын. Бұл әрекеті арқылы ол өзендегі судың сапасы шомылуға жарамды екенін көрсетпек болды. Дегенмен, Олимпиада кезінде триатлонға қатысқан кейбір спортшылар өздерін нашар сезінгенін және Сенада болғаннан кейін уланғанын айтып шағымданған еді. Париждегі Паралимпиада ойындары 28 тамызда басталады.



Күн шежіресі