logo

Красавцева Паралимпиадада ширек финалда жекпе-жек өткізді

Красавцева Паралимпиадада ширек финалда жекпе-жек өткізді

Қазақстандық таэквондист Милана Красавцева Париждегі Паралимпиадада екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Красавцева 52 келіге дейінгі К44 класындағы (бір немесе екі аяқ-қолы зақымдалған спортшылар) салмақ дәрежесіндегі ширек финалда әлем чемпионы (2023) және Еуропа (2022) мексикалық Джессика Гарсиямен кездесіп, 8:10 есебімен жеңіліп қалды.

Енді Милана, егер оның қарсыласы финалға шықса, жұбаныш жекпе-жегінде өнер көрсетуге мүмкіндік алады.