Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысына «Ұлытау» көз тігіп отыр
Sport Plus Qazaqstan сайтының ақпараты бойынша 32-жасар шабуылшы Бауыржан Тұрысбек мансабын «Ұлытауда» жалғастыруы мүмкін.
Қазақстандық ойыншы үшін Бірінші лига клубтары арасында күрес жүріп жатыр. «Ұлытаудан» бөлек Бауыржанға бірнеше клубтар қызығушылық танытып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Meta-ratings.kz сайты аталмыш футболшыға «Оқжетпес» қызығушылық танытқаны туралы хабарлады.