logo

Қазақстан құрамасының футболшы Еуропалық клубқа ауысады

Қазақстан құрамасының футболшы Еуропалық клубқа ауысады

Қостанайлық «Тобыл» мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноковтың трансферлік хикаясы өз мәресіне жетті. Қаңтар айында ол Шотландия Премьер-лигасының «Хартс» клубына қосылады, деп хабарлайды Sport+.

«Хартстың» бас бапкері ресми түрде келісімге қол жеткізілгенін растады. Осылайша, қазақстандық футболшы Ұлыбританияның ең беделді чемпионаттарының бірінде мансабын жалғастырады.

Биылғы маусымда Чесноков «Тобыл» сапында 23 матч өткізіп, 9 гол соқты және 4 нәтижелі пас берді. Қазақстан құрамасында ол 17 ойынға қатысып, 2 голмен көзге түсті.



Күн шежіресі