«Астана» футболшысы еуропалық құрамаға алғаш рет шақырту алды

«Астана» футбол клубының 28 жастағы жартылай қорғаушысы Назми Грипши 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Сербияға қарсы өтетін матч пен Иорданияға қарсы жолдастық ойынға Албания ұлттық құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды Sport+.
2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Сербия мен Албания құрамалары арасындағы матч Астана уақыты бойынша 11 қазан күні сағат 23:45–те өтеді. Ал албандықтардың Иорданияға қарсы жолдастық кездесуі 14 қазанда сағат 22:00–де басталады.
Айта кетейік, бұл шақырту Назми Грипши үшін ұлттық құрамадағы алғашқысы болып отыр.