Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден соңғы матчта Словенияны ойсырата жеңді

Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы IB дивизионы бойынша әлем чемпионатының соңғы матчында Қазақстан құрамасы Словениямен кездесті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Бірінші кезең 1:0 есебімен біздің қыздардың пайдасына аяқталды. Екінші кезеңде қазақстандық хоккейшілер словениялықтардың қақпасына алты шайба соқты.
Үшінші кезеңде қарсыластар бір-бірден гол алмасты, алайда кездесудің соңында қазақстандық хоккейшілер есепті 1:9-ға жеткізді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы IB дивизионындағы орнын сақтап қалды. Чемпионат Ұлыбританияның Дамфрис қаласында өтті.