logo

«Арлан» – Pro Ligasy 2024-2025 маусымының жеңімпазы

«Арлан» – Pro Ligasy 2024-2025 маусымының жеңімпазы

Көкшетаулық «Арлан» финалдық серияда Өскеменнің «Торпедосынан» төрт ойында да басым түсіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+.

Төртінші матчта көкшетаулықтар 2:1 есебімен жеңіске жетті. «Арлан» сапында шайбаларды Степан Санников пен Владислав Никулин соқты.

Үшінші орынды маусымда «Сарыарқа» иеленді — олар матч өткізбестен «Хумо» командасынан жоғары орын алды. Себебі, регламентте өзбекстандық клубқа қола медаль үшін таласуға тыйым салатын тармақ бар.