Оразбаев «Барыс» клубының бас директоры қызметінен кетті
 
                                            Нұрлан Оразбаев «Барыс» хоккей клубының бас директоры қызметінен кетті, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оразбаев маусым барысында клубқа келіп, даму бағытының өзгеретінін мәлімдеді. Ол легионерлермен келісімшарттарды бұзып, клуб жүйесіндегі қазақстандық хоккейшілерге ҚХЛ-де дебют жасауға мүмкіндік берді.
 
    