Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Хорватиядағы турнирде алты медаль жеңіп алды
Хорватияның Загреб қаласында күрес түрлерінен халықаралық рейтингтік турнир аяқталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Соңғы жарыс күні отандастарымыз грек-рим күресінен 1 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды.
Ислам Евлоев 97 келіге дейінгі салмақта финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды.
Ал Ербол Камалиев (60 келіге дейін), Аманғали Бекболатов (60 келіге дейін), Алматбек Аманбек (72 келіге дейін), Ибрагим Магомадов (82 келіге дейін) және Олжас Сырлыбай (130 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады.