logo

Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Түркиядағы турнирде екі алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Түркиядағы турнирде екі алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Түркияның Анталья қаласында өткен ірі халықаралық турнирде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандастарымыз төрт медальға қол жеткізді. Оның екеуі — алтын жүлде.

Антальяда өткен бәсекеде 67 келі салмақтағы Бағдат Сабаз және 72 келідегі Юсуф Ашрапов жеңімпаз атанды.

Ал 63 келіде Еркебұлан Ардақов пен 97 келіде Рахат Бержанов қола медаль иеленді.



Күн шежіресі