logo

Жәмилә Бақбергенова күрестен халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды

Жәмилә Бақбергенова күрестен халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Жәмилә Бақбергенова Ресейдің Красноярск қаласында өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз дәстүрлі Иван Ярыгин кубогында 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда жеңіске жетті.

Шешуші белдесуде Бақбергенова Болртунгалаг Зоригтты (Моңғолия) жеңді. Нұрзат Нұртаева (Қырғызстан) мен Ксения Буракова (Ресей) үшінші орын алды.

Айта кетейік, бұған дейін бұл турнирде Лаура Алмағанбетова (55 келіге дейін) мен Виктория Хусаинова (59 келіге дейін) күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.



Күн шежіресі