Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында төртінші рет қатарынан жеңіліске ұшырады
Чехияда топ-дивизионда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы бесінші матчта Қазақстан командасы Германиядан 2:8 есебімен ірі жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстан құрамасы сапында Роман Старченко (Евгений Рымарев, Кирилл Панюков) және Артем Королев (Олег Бойко, Алихан Асетов) гол соқты.
Артем үшін бұл шайба ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы шайбасы болды.